Суббота, 20.04.2024, 06:21
Мәліметтер
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Астрономия [0]
Адам және Қоғам [0]
АӘД / НВП [0]
Биология [1]
Валеология [2]
Математика [0]
Химия [2]
Физика [1]
География [0]
Қазақ тілі мен Әдебиеті [4]
Информатика [4]
Қазақстан тарихы [10]
Дүние жүзі тарихы [2]
Музыка [1]
Шетел тілі [0]
Социология [0]
Экономика [1]
Экология [1]
Философия мен Дін [0]
Философия [0]
Менеджмент [0]
Психология [0]
Ғылым мен техника [0]
Құқық [1]
Өнер мен Мәдениет [0]
Геология [0]
Басқа [0]
 Каталог файлов
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі мен Әдебиеті

Достық туралы( Дос )
[ Скачать с сервера (16.5 Kb) ] 17.12.2011, 01:12
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.

Буат-буат ақшаң болғанмен бақытыңды бөлісер бір досың болмаса тірлігіңнің мазмұнды бола қоюы қиын. Қазақ халқы үшін "дос” киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: "Ақылы көпті жау алмас, досы көпті жау алмас” . Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады.

Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.

Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.

Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.

Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.

Достық туралы жыр

Өлеңді жазған: Рахым Балабиев
2008-07-04

Достығымыз достар арылмасын,
Пейіміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Куніміз күлкілі бола берсін,
қуанышқа көңіліміз тола берсін,
нұрлы аспан астында аясында,
басымызға бақ келіп қона берсін,

Зұлымдықты әрқашан жеренейік,
адалдықты сүйуді үйренейік,
бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

берсе берді бермесе санаспайық,
болмайтынға ұрысып таласпайық,
арамызда алайақ бүреу болса
оны қатар ортадан аластайық

Жасамайық қианат кісі кетім
байлық мансап кісіні ісіретін
қанағатсыз ағайын ойласаңдар
абыройын кісінің түсіретін.

Категория: Қазақ тілі мен Әдебиеті | Добавил: Miko | Теги: дос, Достық туралы
Просмотров: 45304 | Загрузок: 1165 | Комментарии: 14 | Рейтинг: 2.4/20
Всего комментариев: 141 2 »
0  
14 Азат   (18.05.2015 16:13) [Мәлімет]
НЕ ОЧЕНЬ ЛАККАНСКИЙ БЕТИМЕН САЙТ

0  
13 Шугыла   (02.03.2015 21:40) [Мәлімет]
Маган негизи адеби тимен коркемдеп жазылган шыгарма керек еди,но нау да жаман емес,просто диалект создермен жазылган екен да

0  
12 Ерлан   (26.05.2014 17:42) [Мәлімет]
керемет

0  
11 bibigul   (07.02.2014 18:21) [Мәлімет]
ote kerenmet

0  
10 Ази   (20.12.2013 12:04) [Мәлімет]
.............................................................................Soz zhok..........................)))

0  
9 Ернур   (25.10.2013 11:44) [Мәлімет]
достык туралы әнгіме кайдан табам

0  
8 Ернур   (25.10.2013 11:42) [Мәлімет]
Оте кушти екен

0  
7 салима   (08.10.2013 20:36) [Мәлімет]
Прикольнаi

0  
6 әсем   (02.05.2013 17:03) [Мәлімет]
темаго күшті

0  
5 Диас   (23.04.2013 11:18) [Мәлімет]
Zhaksy jazylgan

1-10 11-14
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *:
Copyright MyCorp © 2024
Наш опрос
Сайтты бағала / Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 908
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Сайтта отырғандар: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0