Четверг, 18.04.2024, 22:32
Мәліметтер
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Астрономия [0]
Адам және Қоғам [0]
АӘД / НВП [0]
Биология [1]
Валеология [2]
Математика [0]
Химия [2]
Физика [1]
География [0]
Қазақ тілі мен Әдебиеті [4]
Информатика [4]
Қазақстан тарихы [10]
Дүние жүзі тарихы [2]
Музыка [1]
Шетел тілі [0]
Социология [0]
Экономика [1]
Экология [1]
Философия мен Дін [0]
Философия [0]
Менеджмент [0]
Психология [0]
Ғылым мен техника [0]
Құқық [1]
Өнер мен Мәдениет [0]
Геология [0]
Басқа [0]
 Каталог файлов
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Дүние жүзі тарихы

Британ империясы (Brіtіch Empіre)
[ Скачать с сервера (16.5 Kb) ] 17.12.2011, 00:22
Британ империясы (Brіtіch Empіre) — Ұлыбритания мен оның отар иеліктерінің жалпы атауы. Термин ретінде 19 ғ-дың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады. Англия ең алдымен Ирландияны басып алды. 16 — 17 ғасырларда теңізде үстемдік жүргізу үшін алдымен Испанияның, кейіннен Голландияның соғыс флотын талқандап, Португалия мен оның отарларын өзіне тәуелді етті. 1607 жылы Солтүстік Америкада тұңғыш ағылшын иелігі пайда болды. Жетіжылдық соғыста (1756 — 63) ол Францияға күйрете соққы беріп, Испанияның отарлық қуатын жойды. Көп ұзамай француздар билеген Канаданы басып алып, Солтүстік Америкада өз үстемдіктерін орнатты. 1757 жылы Үндістан түбегіндегі Бенгалияны басып алды. Отар елдерді тонау есебінен Англияда үлкен ақша қоры пайда болып, өнеркәсіп төңкерісі жасалынды. Бірақ 18 ғасырдың аяғында Британ империясы дағдарысқа ұшырап, Солтүстік Америкада 13 отарынан айрылды. Соған қарамастан 19 ғасырдың 1-жартысында Үндістанды толығымен, Австралияны, Жаңа Зеландияны, Оңтүстік Африканы жаулап алды, апиын соғыстарынан кейін Қытайды Сянган (Гонконг) аралын жалға беруге көндірді. Ал 19 ғасырдың 80 — 90-жылдары Африканың батыс және шығыс жағалауларын басып алып, Кипр аралына, Египетке, Бирма мен Ауғанстанға бақылау орнатты. 20 ғасырдың бас кезінде Иранға, Иракқа, Осман сұлтандығынан бөлініп шыққан араб мемлекеттеріне үстемдік етті. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап Ұлыбритания дүние жүзінде өз позициясын жоғалта бастады да кейбір отарларына (Канада, Австралия, Жаңа Зеландия) өзін-өзі басқару құқығын беріп, Британия доминионына айналдырды. 1-дүниежүзілік соғыстан кейінгі Британ империясының экономикалық дағдарысқа ұшырауын пайдаланып, доминиондар сыртқы саясатта да тәуелсіздікке қол жеткізді. Отарларда ұлт-азаттық қозғалыс күшейіп, Ауғанстан, кейіннен Ирак пен Египет тәуелсіздік алды. 2-дүниежүзілік соғыс Британ империясына күйрете соққы берді. Жапониямен соғыс нәтижесінде Англияның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларында ұлт-азаттық соғыс қатты күшейіп, соғыстан кейін іле-шала Үндістан мен Пәкстан, Бирма мен Цейлон тәуелсіздікке қол жеткізді. 50 — 60-жылдары күрт күшейген ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінде Британ империясына кіретін Азия мен Африка елдері түгелге жуық тәуелсіздік алды. Бірақ, бұрыннан қалыптасқан саяси-экономикалық байланыстардың үзілуі, жаңадан тәуелсіздік алған елдерді өз ішінде дағдарысқа ұшыратты. Діни қақтығыстар, тайпалар арасында қақтығыстар күшейді. Бөлініп шыққан елдермен өзара байланысты үзіп алмас үшін әрі саяси-экономикалық үстемдікті сақтау мақсатында Британ Достастығы құрылды. Өз ішіндегі қақтығыстарды өршітпеу үшін және экономикалық байланыстарды үзіп алып, елді дағдарысқа ұшыратпас үшін бұрынғы отарлардың көпшілігі өз еріктерімен досдастыққа мүше болды. Бұл достастыққа кіретін елдер сөз жүзінде болса да Ұлыбритания королевасын ел басшысы ретінде мойындайды және өзара тығыз экономикалық байланыстар орнатқан.
Категория: Дүние жүзі тарихы | Добавил: Miko | Теги: Британ империясы, Brіtіch Empіre
Просмотров: 1978 | Загрузок: 246 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *:
Copyright MyCorp © 2024
Наш опрос
Сайтты бағала / Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 908
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Сайтта отырғандар: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0