Пятница, 29.03.2024, 12:11
Мәліметтер
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Астрономия [0]
Адам және Қоғам [0]
АӘД / НВП [0]
Биология [1]
Валеология [2]
Математика [0]
Химия [2]
Физика [1]
География [0]
Қазақ тілі мен Әдебиеті [4]
Информатика [4]
Қазақстан тарихы [10]
Дүние жүзі тарихы [2]
Музыка [1]
Шетел тілі [0]
Социология [0]
Экономика [1]
Экология [1]
Философия мен Дін [0]
Философия [0]
Менеджмент [0]
Психология [0]
Ғылым мен техника [0]
Құқық [1]
Өнер мен Мәдениет [0]
Геология [0]
Басқа [0]
 Каталог файлов
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Музыка

«Менің Қазақстаным» Әнұран, «Моя Казахстан» Гимн
[ Скачать с сервера (24.8 Kb) ] 12.12.2011, 17:39

Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Ән-ұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.Кейбір күрделі опера, балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатында аяқталады. Мысалы, Л. Бетховен өзінің 9-симфониясын И. Шиллердің "Шаттық” одасына арнап жазған әнұранымен аяқтаса, орыс композиторы М. Глинка "Иван Сусанин” операсын атақты "Даңқ” хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.



«Менің Қазақстаным» Әнұран

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

Әнұранның осы нұсқасы 2006 ж. қаңтардың 7-ші күнінде қабылданған.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны —
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы (1 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы (2 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарынан
бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу дарежесіне сәйкестендіретін
өзгерістер енгізілгеннен кейін, атақты болған, 1956 жылда
жазылған «Менiң Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні болды.
Әннің мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев енгізгендіктен мәтіннің соавторы ретінде
көрсетіледі. Сондай-ақ, әнұранды тыңдау ережесі
өзгертілді. Ресми церемонияларда әнұран орындалу
барысында тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын
көкірегінің сол жағына қояды. Музыкасы: композитор
Шәмші Қалдаяқовтікі, сөздері: Жұмекен Нажімеденовтікі
(1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005)


«Моя Казахстан» Гимн

Государственного Гимн Республика Казахстан

Этот вариант гимна 2006 года седьмое января принялся день.

В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.


Гимн с 2006 года

С 7 января 2006 года гимном Республики Казахстан стала «Мой Казахстан» (Менің Қазақстаным) — популярная песня, написанная ещё в 1956 году, в которую были внесены изменения для соответствия статусу государственного гимна. Поскольку поправки в текст внесены Президентом РК Нурсултаном Назарбаевым, он будет указываться, как соавтор текста.

Также изменены правила прослушивания гимна. Теперь при исполнении гимна на официальных церемониях присутствующие должны вставать и прикладывать ладонь правой руки к левой стороне груди.

Музыка композитора Шамши Калдаякова на слова Жумекена Нажимеденова (1956), Нурсултана Назарбаева (2005) .


«Менің Қазақстаным» — 1956 ж. жазылған отаншыл ән. Қазақстан Республикасының Әнұранының негізіне алынған.

Әні: Шәмші Қалдаяқов;
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов;



Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы
Думанды бастады,
Далама қарашы!

Кең екен жер деген,
Жерге гүл шықты ғой.
Дән егіп терлеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
 Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Айналап қарасам —
Ғашықты жүрегім
Заманға жарассам —
Жарасып тұр елім.

Біздің ел — ордынды,
Көтерді туларды,
Желмен ол тербелді,
Термеде жырладым.

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жараңдар,
Осындай елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Категория: Музыка | Добавил: Miko | Теги: моя казахстан, әнұран, Гимн, менің қазақстаным, 2006
Просмотров: 6180 | Загрузок: 261 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *:
Copyright MyCorp © 2024
Наш опрос
Сайтты бағала / Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 908
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Сайтта отырғандар: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0