Пятница, 26.04.2024, 09:23
Мәліметтер
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Астрономия [0]
Адам және Қоғам [0]
АӘД / НВП [0]
Биология [1]
Валеология [2]
Математика [0]
Химия [2]
Физика [1]
География [0]
Қазақ тілі мен Әдебиеті [4]
Информатика [4]
Қазақстан тарихы [10]
Дүние жүзі тарихы [2]
Музыка [1]
Шетел тілі [0]
Социология [0]
Экономика [1]
Экология [1]
Философия мен Дін [0]
Философия [0]
Менеджмент [0]
Психология [0]
Ғылым мен техника [0]
Құқық [1]
Өнер мен Мәдениет [0]
Геология [0]
Басқа [0]
 Каталог файлов
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Химия

Алкиндер
[ Скачать с сервера (20.3 Kb) ] 14.12.2011, 21:09

Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер алкиндер.

Алкиндер құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:

        С2Н6 этан, С2Н4 этен, С2Н2 этин.

Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей: СnН2n-2. Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Анықтамаларына қарап, алкадиендер мен алкиндерді салыстырып, қандай айырмашылықтары бар екендігін өздерің табыңдар.

Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек этин (ацетилен) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2 басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп те аталады. Алкиндердің жалпы формуласы СnН2n-2 бойынша ацетиленнен кейінгі көмірсутектердің молекулалық формулаларын өздерің жазуларыңа болады.

Мазмұны

1 Алкиндердің құрылысы

2 Алкиндердің атаулары мен изомерлері

3 Алкиндердің алынуы

4 Пайдалнаылған әдебиеттер

Алкиндердің құрылысы

Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.

 

Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp- гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp-гибридтенген орбиталімен σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180°бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдарымен арасында екі π-байланые түзіледі. Яғни, ацетилен молекуласындағы екі кеміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-,екеуі π-байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С = С) ұзындығы 0,120 нм (қос байланыстан да қысқарақ екеніне көңіл аударыңдар), байланыс энергиясы 830 кДж/моль.

Толық оқу үшін Жүктеу батырмасын басыңыз

Категория: Химия | Добавил: Miko | Теги: Алкиндер
Просмотров: 7017 | Загрузок: 531 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 1
0  
1 Miko   (14.12.2011 21:10) [Мәлімет]
Толық оқу үшін Жүктеу батырмасын басыңыз

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *:
Copyright MyCorp © 2024
Наш опрос
Сайтты бағала / Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 908
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Сайтта отырғандар: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0